YANDEX GO PRIVACY NOTICE

Please select a relevant country.

-
  • Қазақстан. Қазақша

Яндекс GO құпиялылық туралы мәлімдемесі

Яндекс GO – бұл бүкіл әлемде кеңселері бар халықаралық IT-компания жасақтаған мобильді және веб-қолданба (әрі қарай екеуі үшін «қолданба» термині қолданылады).

Біздің қолданбалар сізге біздің серіктестеріміз бен үлестес тұлғалардың тасымалдау және жеткізу қызметтеріне тапсырыс беруге мүмкіндік береді.

1. ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМДЕМЕНІҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

Біз жеке деректерді қорғауға ұмтыламыз және өз қызметіміз бен сіздің жеке деректеріңізді өңдеу тәсілдеріне қатысты барынша ашық болғымыз келеді.

Осы Құпиялылық жөніндегі мәлімдеменің мақсаты – сізге біз сіздің жеке деректеріңізді қалай және не үшін өңдейтініміз туралы ақпарат беру.

2. СІЗДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ КІМ ӨҢДЕЙДІ?

2.1 Сіздің жеке деректеріңізді сіздің елде қызмет көрсететін компания өңдейді.

Бұл компаниялар құпиялылық туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес, «деректерді бақылаушы» болады және жеке деректерді өңдеудің мақсаты мен құралдарын айқындайды.

Бренд

Ел

Компания

Мекенжай

Яндекс GO

Қазақстан

Яндекс.Такси Корп ЖШС

Қазақстан Республикасы, 50040, Алматы қ-сы, Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 28В, 6-шы қабат

2.2 Біздің қолданбаларда бірыңғай аутентификация құралы қолданылады. Тіркелген сәттен бастап, сіз біздің қолданбаларды біз оны ұсынған кез келген елде пайдалана аласыз. Егер сіз рұқсат етпеген болсаңыз, сіздің жеке деректеріңіз біз тарататын басқа қолданбаларға берілмейді.

3. ҚАНДАЙ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР, ҚАЛАЙ ЖӘНЕ НЕГЕ ӨҢДЕЛЕДІ?

Төменде біз өңдейтін жеке деректердің санаттары, олардың дереккөздері және өңдеудің құқықтық негіздері көрсетілген:

Дереккөзі

Деректердің санаттары

Мақсаттар

Құқықтық негіздері

Сіз бізге бересіз

Атыңыз немесе лақап атыңыз, телефон нөмірі

i) Сізді біздің пайдаланушы ретінде сәйкестендіру және авторизациядан өткізу, сізге аккаунт тіркеу және сізге сіздің тапсырысыңыз туралы хабарлау үшін

ii) Сіздің төлемдеріңізді өңдеу үшін

Келісімшарт*

Тапсырыстарды алуға арналған мекенжайлар

Сіздің аймақта тапсырыс беруге, сатып алуға және жеткізуге болатын тауарлар немесе қызметтерді сізге көрсету, сіз берген тапсырысты өңдеу және орындау, сізге мекенжайларды тез таңдауға көмектесу, сіздің аккаунтыңызға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету үшін

Келісімшарт*

Пайдаланушылардың пікірлері мен талғамдары

Сіз берген тапсырысты сіздің талғамдарыңызға сай өңдеу және орындау үшін

Келісімшарт*

Банктік ақпарат

Сіз жасаған төлемдерді өңдеу үшін

Келісімшарт*

Сіздің кескініңіз бен дауыс жазбаңыз

Сіздің жеке басыңызды тексеру үшін, жүргізуші үшін сіздің жеке басыңызды растау үшін және оқыс оқиға орын алған кезде автокөліктегі сіздің дауысыңыз бен кескініңізді жазып алу үшін****

i) Келісім**

ii) Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заңды мүдде

iii) Қоғамдық мүдде

(қызмет көрсетіліп жатқан ел мен қауіпсіздік режиміне байланысты)

Электрондық пошта мекенжайы

i) Біздің қолданбаларда туындаған мәселелерді шешу үшін сіздің тапсырыстарыңыз туралы сервистік ақпаратты сізге жіберу үшін

ii) Сізге біздің өнімдер мен ұсыныстар, сондай-ақ, біздің серіктестердің ұсыныстары туралы хабарлау, сіздің маркетингтік конкурстар немесе кез келген басқа іс-шараларға қатысуыңызды ұйымдастыру үшін

i) Келісімшарт*

ii) Келісім**

Толтырылатын формалардағы деректер: аты, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, пайдаланушының хабарламасы немесе пікірі

i) Кері байланысты қамтамасыз ету үшін

ii) Сіз пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметіне жіберген өтініміңізді өңдеу үшін

iii) Сіз ұйымдар туралы жазған пікірлерді жариялау үшін

i) Кері байланыс алуға арналған заңды мүдде және осы кері байланыс негізінде біздің сервисті жақсарту үшін

ii) Келісімшарт*

iii) Келісімшарт*

Сіздің құрылғыңыздан және біздің қолданбалардан алынатын деректер

IP-мекенжайы, құрылғының ID, құрылғының түрі мен моделі, мобильді операциялық жүйе, браузер немесе мобильді қолданба туралы мәліметтер

Сіздің аккаунтыңыз бен біздің IT жүйелерге қауіпсіз түрде кіруді қамтамасыз ету үшін

Біздің жүйелер мен біздің пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заңды мүдде

Жарнамалық сәйкестендіргіш

Нысаналы жарнаманы баптау үшін

Келісім**

Сіз біздің қолданбаларды пайдаланған кезде құрастырылады

Пайдаланушының ID, тапсырыстар жиілігі, тапсырысты орындауға жұмсалған уақыт, ең жиі тапсырыс берілген қызметтер немесе тауарлар, қолданбаны пайдаланған кезде қаралған экрандар саны, тапсырыстың орташа құны.

i) Қолданба мен пайдаланушының тәжірибесін жақсарту, тиісті функциялар ұсыну, қолданбалардың интерфейстерін өзгерту, заңсыз тапсырыстарға жол бермеу үшін

ii) Пайдаланушылардың белсенділігін маркетингтік мақсатта талдау, маркетингтік және бизнес-стратегияны жетілдіру үшін

iii) Сіздің маркетингтік конкурстар немесе кез келген басқа іс-шараларға қатысуыңызды ұйымдастыру үшін

i) Біздің қолданбаны, пайдаланушы тәжірибесі мен сервисті жақсартуға арналған заңды мүдде

ii) Маркетингтік зерттеулер жүргізуге арналған заңды мүдде

iii) Келісім**

Сіз жасаған тапсырыстар туралы толық ақпарат: тапсырыстың ресімделген күні мен уақыты, табыстау пункті, межелі орын, бағдар, баға, төлем тәсілі, автокөліктің моделі мен нөмір белгісі, жүргізушінің аты, тасымалдаушының деректері

Сізге тапсырыстар тарихын көрсету, қайталап тапсырыс беру функциясын қосу және қолданба жұмысындағы кемшіліктерді түзету үшін

Келісімшарт*

Сіз пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметіне беретін ақпарат

Тапсырыс пен оның тарихы туралы ақпарат, контактілік деректер, түсініктемелер, тіркемелер, сіз өз қалауыңызбен көрсететін немесе қолдау қызметі өз қалауы бойынша сұрататын басқа деректер

Біздің қолданбаларға қатысты мәселелерді шешуге көмек пен қолдауды қамтамасыз ету үшін

Келісімшарт*

Сіз қолданба арқылы пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметімен, жүргізушілер, курьерлер немесе жеткізушілермен тілдескен кезде құралады

Қолданбалар немесе басқа құралдар арқылы жасалған хабарламаларыңыз, әңгімелеріңіздің жазбалары, сондай-ақ, сіз берген немесе біздің қолданбалар құрастырған басқа деректер

Біздің заңды құқықтарымызды және үшінші тұлғалардың құқықтарын қорғау, даулар мен сот талаптарын шешу, көрсетілетін қызметтердің сапасына аудит, бақылау жүргізу үшін

Біздің құқықтарымызды қорғау, дауларды шешу және біздің қызметтердің сапасын бақылауға арналған заңды мүдде

* Жеке деректер сіз өз аккаунтыңызды жасаған кезде қабылдаған біздің сервистерді Пайдалану шарттарында (https://yandex.com/legal/yandexgo_termsofuse/ мекенжайы бойынша қолжетімді) белгіленген келісімшарт негізінде өңделеді.

** Біз сізден жеке деректердің өңдеудің кез келген түріне келісім сұраған кезде сізге жиналған деректер мен оларды жинау мақсаттары туралы хабарлаймыз. Сіз мұндай келісімді беруден бас тарта аласыз және ол сіздің біздің қолданбаларды пайдалану қабілетіңізге әсер етпейді. Сіз бізге хабарласу арқылы кез келген сәтте өз келісіміңізді қайтарып ала аласыз.

*** Біз қызмет көрсететін немесе біздің тиісті деректер операторымыз орналасқан елдің заңнамасы бізге белгілі бір заңды міндеттемелер жүктеуі мүмкін. Біз сіздің жеке деректеріңізді осы заңнамаға сәйкес өңдеу керекпіз. Біз жеке деректерді үшінші елдің заңдарына сәйкес емес, тек сіз тұратын елдің заңдарына (сіз біздің сервисті пайдаланып жүрген елдің) және/немесе біздің сервисті ұсынатын ұйым тіркелген елдің (егер ол сіздің елден басқаша болса) заңдарына сәйкес өңдейміз.

**** Автокөліктегі аудиожазба төтенше жағдай функциясы болып табылады және тек қауіп-қатер, жанжал немесе қауіп төнгенде жүргізуші Яндекс Go Пайдалану шарттарына сәйкес, жанжалды шешу батырмасын іске қосқан кезде ғана қолданылады. Дауды шешу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жазба басталарға дейін пайдаланушы да, жүргізуші де хабардар болады.

4. БІЗ СІЗДІҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ КІМГЕ БЕРЕМІЗ НЕМЕСЕ ЖІБЕРЕМІЗ?

4.1 Сіздің жеке деректеріңізді алушылар

Сіздің жеке деректеріңіз тек мына тараптарға беріледі:

i) Қолданба төңірегінде қызмет көрсетуге тікелей қатысатын:

  • Сіз берген тапсырысты алуға және өңдеуге қатысатын және осы мақсатта бағдарламалық шешімдер ұсынатын біздің серіктестеріміз;
  • Электрондық транзакцияларды жеңілдетуге бағытталған төлем қызметтері мен мобильді ақшалай қызметтерді жабдықтаушылар;
  • Бізге электрондық төлем функцияларын беретін және ақша ізін жасыруға қарсы күрес пен "өз клиентіңді біл" тексерісін жүргізетін біздің серіктестеріміз;
  • Егер сіз тұрған елге қатысы бар болса, біздің пайдаланушылар үшін виртуалды банк карталарын шығаратын серіктестеріміз;
  • Егер сіз тұрған елге қатысы бар болса, несие беретін микроқаржылық ұйымдар;
  • Аутентификация құралдарын беретін біздің серіктестеріміз;
  • Бізге серверлер, дерек қоймаларын және басқа инфрақұрылымдық нысандар беретін біздің үлестес тұлғаларымыз бен үшінші тараптар; және
  • Бізге пайдаланушылар үшін қолдау қызметін жасауға көмектесетін біздің үлестес тұлғаларымыз бен үшінші тараптар.

Жеке деректерді өңдеуге қатысы болуы мүмкін ұйымдар мына бетте көрсетілген: Error! Hyperlink reference not valid. https://yandex.com/legal/affiliates/?lang=en. Барлық көрсетілген ұйымдар сіздің жеке деректеріңізді өңдеуге бәрі бірдей міндетті түрде қатыспайды, себебі олардың қатысуы сіз пайдаланатын сервис пен сіз оны пайдаланатын елге байланысты. Біз сіз тұрған елдің құпиялылық туралы заңдары бұзылатын болса, өз компанияларымыздың арасында жеке деректерді жібермейміз.

іі) Тиісті деректер операторы бағынатын заңнамаға сәйкес, мыналар сіздің жеке деректеріңізді алуға құқылы:

  • Мысалы, құқық қорғау органдарында сіздің жеке деректеріңізді қарауға заңды құқық болуы мүмкін (сіздің елдегі және/немесе сізге қызмет көрсететін біздің ұйым тіркелген елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес), немесе, қаржылық реттеуші органдарда күдікті әрекеттер немесе транзакцияларды тексеру үшін тиісті құқықтар болуы мүмкін. Құпиялылық туралы қолданыстағы заңнама бұзылатын болса, біз сіздің жеке деректеріңізді мемлекеттік органдарға бермейміз.

iii) Бізге біздің қолданбаны жақсартуға көмектеседі:

  • Мысалы, біздің сервистерді пайдалану кезінде туындайтын техникалық қателер туралы деректер біздің қолданбаларды жасақтауға қатысатын үлестес тұлғаларға жіберіледі.

iv) Сізге өнімдер, қызметтер мен ұсыныстар туралы хабарлау үшін бізге көмектеседі:

  • Мысалы, жарнамалық деректер немесе құрылғылардың сәйкестендіргіштері бізге жарнамалық немесе талдау қызметтерін көрсететін компанияларға беріледі.

4.2 Сіздің жеке деректеріңіздің халықаралық трансфері

Біз сіздің жеке деректеріңізді жіберетін тұлғалар әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Олардың кейбірі сіз сервисті пайдаланып жүрген елдегі дерек субъектілерінің құқықтарын немесе деректерін қорғаудың дәл сондай деңгейін қамтамасыз етпеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, біз жіберу кезінде және жібергеннен кейін сіздің құқықтарыңызды сақтау және сіздің жеке деректеріңізді қорғау үшін қажетті процедураларды орындаймыз.

Мұндай процедуралар мыналарды қамтуы мүмкін (құпиялылық туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес):

i) Деректерді беру туралы тиісті органдар шығарған стандартты келісімді ережелерге негізделген деректерді қорғау туралы келісім шеңберіндегі міндеттемелер;

ii) Сіздің жеке деректеріңіз берілетін және өңделетін елдің жергілікті заңнамасына біздің берген бағамызға негізделген қосымша келісімді міндеттемелер;

iii) Деректерді қорғау жөніндегі құзіретті органнан деректерді жіберуге рұқсат немесе тіркелім; және/немесе

iv) Сіздің жеке деректеріңізді заңсыз, яғни, біз қызмет көрсететін елдің заңнамасына сәйкес емес түрде, немесе рұқсатсыз түрде пайдалануға жол бермеу үшін қосымша техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шаралары.

Біз өзіміз жұмыс істейтін елдердің құпиялылық туралы заңдарын, оның ішінде, деректерді жіберу жөніндегі халықаралық талаптар мен шектеулерді әрдайым ұстанамыз.

5. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР ҚАНША МЕРЗІМ САҚТАЛАДЫ?

5.1 Біз сіздің жеке деректеріңізді өңдеу мақсатына қол жеткізгенге дейін өңдейміз.

5.2 Нақты сақтау мерзімі өңделетін жеке деректер мен өңдеу жүргізілетін елге байланысты. Мысалы, біздің қолдау көрсету қызметімізбен, жүргізушілер немесе курьерлермен телефон қоңырауларының жазбалары әдетте 3 айдан аспайтын мерзімге сақталады.

5.3 Егер өңдеу заң бойынша талап етілсе немесе біздің құқықтарымыз бен мүдделерімізді немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, атап айтқанда, сот үрдістері кезінде қорғау үшін қажет болса, біз сіздің жеке деректеріңізді сіз оларды қолданбадан өшіріп тастағаннан кейін де өңдеуді жалғастыра береміз.

Деректерді өшіру мүмкіндігі пікір білдіру мен ақпарат еркіндігіне қатысты заңдармен де шектелуі мүмкін.

6. СІЗДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

Құпиялылық туралы заңдарға сәйкес, сізде бірқатар құқықтар бар. Сізге қолжетімді құқықтар біз сіздің жеке деректеріңізді өңдейтін себептер мен қолданыстағы заңнамаға байланысты.

Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді қолданбаға біздің аутентификация жасау құралымыздың көмегімен кіргеннен кейін қарай, түзете немесе өшіре аласыз.

Сіз біздің қолданба арқылы біздің қолдау көрсету қызметімізге хабарласу арқылы мына құқықтарыңызды пайдалана аласыз:

6.1 Қолжетімділік құқықтары

Сіздің жеке деректеріңіз сізге әрдайым қолжетімді. Сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңыздың көшірмесін сұрата аласыз.

6.2 Түзету құқығы

Сіз бізден дұрыс емес, дәл емес немесе ескірген деп есептеген ақпаратты жаңартуды немесе түзетуді сұрай аласыз. Сондай-ақ, сізде бізден өзіңіз толық емес деп есептеген кез келген ақпаратты толықтыруды сұрау құқығы бар.

6.3 Келісімнен бас тарту құқығы

Егер өңдеу сіздің келісіміңізге негізделген болса, сізде өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуге берген келісіміңізден бас тарту құқығы бар.

6.4 Өшіру құқығы

Сізде бізден белгілі бір жағдайлар кезінде, мысалы, егер деректер біздің мақсаттар үшін ендігі керек болмаса, егер біз сіздің деректеріңізді заңды негіздерсіз немесе өзгеше заңсыз түрде өңдеп жатсақ, егер сіз өз келісіміңізден бас тартқан болсаңыз (өңдеу сіздің келісіміңізге негізделген кезде), егер біз сіздің деректеріңізді сіздің балалық шағыңызда жинаған болсақ, немесе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа жағдайларда өзіңіздің жеке деректеріңізді өшіруді сұрау құқығыңыз бар.

6.5 Өңдеуді шектеу құқығы

Сізде белгілі бір жағдайларда өзіңіздің жеке деректеріңізді өңдеуді шектеу құқығы бар. Мысалы, егер сіз өзіңіздің түзету құқығыңызды қолданғыңыз келсе, сіз бізден өз деректеріңіз түзетілгенге дейін өңдеуді шектеуді талап ете аласыз.

6.6 Деректерді көшіру құқығы

Егер сіздің жеке деректеріңіз автоматтандырылған құралдармен сіз берген келісім немесе сізбен жасалған келісімшарт (мысалы, сізге қолданба функцияларын ұсыну үшін) негізінде өңделетін болса, сізде өз деректеріңізді құрылымды, кеңінен қолданылатын және басып шығаруға болатын форматта алу құқығы бар.

6.7 Қарсылық білдіру құқығы

Егер өңдеу сіздің құқықтарыңызды бұзатын болса, сіз өз деректеріңізді мұндай өңдеуге қарсылық білдіре аласыз. Сіздің қарсылық білдіру құқығыңыз біз сіздің деректеріңізді заңды немесе қоғамдық мүдделер негізінде өңдеп жатсақ қана жүзеге асырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.

Сіз тек автоматтандырылған өңдеуге, оның ішінде бір ретке келтіріп өңдеуге негізделген шешімді ғана қабылдаудан бас тарта аласыз. Біз тек автоматтандырылған өңдеуге, оның ішінде, бір ретке келтіріп өңдеуге негізделген шешім қабылдамаймыз.

6.8 Шағымдану құқығы

Біз сіздің шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңызды әрдайым қарастыруға дайынбыз. Сіз оларды біздің қолдау көрсету қызметімізге жібере аласыз.

Сондай-ақ, сіз, егер өз құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, тиісті қадағалаушы органға шағым білдіре аласыз.

Тиісті қадағалаушы орган және оның байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, мекенжайы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/5 С 2.4, телефоны: 8 (7172) 61-33-25, 61-33-23, электрондық мекенжайы: moap@mdai.gov.kz

7. БІЗГЕ ҚАЛАЙ ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ

7.1 Сіз мобильді қолданба арқылы жүйеге кіргеннен кейін пайдаланушыларға қолдау көрсету қызметіне хабарласа аласыз.

7.2 Біздің деректерді қорғау жөніндегі маманға dpo_yt@yandex-team.com мекенжайы арқылы жаза аласыз. Біздің қолданбада тіркелген кезде пайдаланған телефон нөмірін көрсетуді сұраймыз, ол сізді тезірек тануға мүмкіндік береді.

8. БҰЛ ҚҰЖАТҚА ӨЗГЕРТУЛЕР ҚАЛАЙ ЕНГІЗІЛЕДІ?

Осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге елеулі өзгертулер енгізген жағдайда, біз сізге хабарлау үшін кез келген қолжетімді құралдарды пайдалана аламыз (қолданбадағы пуш-хабарламалар, SMS немесе электрондық пошта).

Ондай хабарлама, мысалы, егер біз өңделуі тиіс жеке деректердің жаңа санаттарын немесе оларды өңдеудің жаңа мақсаттарын қоссақ жасалады. Сіз бұл туралы мұндай өзгертулер күшіне енгенге дейін хабардар боласыз.

Жарияланған күні: 20.06.2024.