Яндекс Про құпиялылық туралы мәлімдемесі
- 1. Осы Құпиялылық туралы мәлімдеменің мақсаты қандай?
- 2. Сіздің дербес деректеріңізді кім өңдейді?
- 3. Қандай дербес деректер, қалай және неге өңделеді?
- 4. Дербес деректер қалай қорғалады?
- 5. Сіздің дербес деректеріңіз кімге беріледі?
- 6. Сіздің дербес деректеріңіз кімге тасымалданады?
- 7. Дербес деректер қанша уақыт сақталады?
- 8. Сіздің құқықтарыңыз қандай?
- 9. Бізге қалай хабарласуға болады?
- 10. Бұл құжатқа өзгертулер қалай енгізіледі?
Яндекс Про — бұл сервистердің ауқымды жиынтығына, оның ішінде сапарларға, тамақ пен жөнелтімдер жеткізуге тапсырыс беру, электрондық коммерция және қаржылық технология сервистеріне қолжетімділік беруге, сондай-ақ Яндекс Go мобильді және веб-қосымшаларын пайдаланушылардың (әрі қарай «Пайдаланушылар») тапсырыстарын қабылдауға арналған мобильді және веб-қосымша (әрі қарай «мобильді қосымша» немесе «мобильді қосымшалар»).
1. Осы Құпиялылық туралы мәлімдеменің мақсаты қандай?
Сіз бізге дербес деректеріңізді сеніп тапсырасыз, ал біз оған бар жауапкершілікпен қараймыз. Біз құпиялылықты қорғауға және сіздің дербес деректеріңізді өңдеу тәсілдері туралы айқын түрде айтуға ұмтыламыз.
Бұл Құпиялылық туралды мәлімдеме арқылы біз қандай дербес деректерді жинайтынымызды, оларды қалай және не үшін қолданатынымызды және жіберетінімізді, сондай-ақ сізде деректер субъектісі ретінде қандай құқықтар барын түсіндіреміз.
2. Сіздің дербес деректеріңізді кім өңдейді?
|
Бренд |
Ел |
Компания |
Мекенжай |
|
Яндекс Go |
Грузия |
Ridetech Georgia LLC |
Мераб Алексидзе көшесі, 12 үй, блок «Б», 46 кеңсе бөлімі, Тбилиси, Грузия |
|
Молдова |
Ridetech S.R.L. |
Ұлы Әулие Стефан бульв., 65, 806 кеңсе, Кишинев, Молдова Республикасы |
|
|
Қырғыз Республикасы |
SaparTech KG ЖШҚ |
Горький көшесі, ½, Технопарк орталығы, Бішкек, Қырғыз Республикасы |
|
|
Сербия |
Ridetech RS ЖШҚ Белград |
Қолбасшы Бойович бульвары, 4г, Ескі Қала, Белград, Сербия |
|
|
Өзбекстан |
YGo UB ЖШҚ |
Шахрисабз көшесі, 2, Ташкент, Өзбекстан Республикасы |
|
|
Армения |
Ridetech AM ЖШҚ |
Московян көшесі, 35 үй-жай, Ереван, Армения |
|
|
Қазақстан |
Y.Taxi Qazaqstan ЖШС |
Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 100/4, 105 кеңсе |
|
|
Түркия |
YE Bilgi Teknolojileri Danışmanlık Ltd. Şirketi |
Halaskargazi Mahallesi, Halaskargazi Cd. No. 38-66/215 Şişli İstanbul, Turkey |
2.1 Сіздің дербес деректеріңізді сіз осы қызметтерді қолданатын елде қызметтер ұсынатын компания өңдейді. Толық ақпарат алу үшін жоғарыдағы кестені қараңыз.
2.2 Сіз осы қызметті пайдаланып отырған елде қызмет көрсететін компания дербес деректерді қорғау туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес деректерді бақылаушы болады және дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәсілдерін айқындайды.
2.3 Біздің мобильді қосымшаларымызда бір ғана аутентификация құралы — Яндекс ID қолданылады. Яндекс ID қызмет көрсету шарттарына (мына веб-сайтта қолжетімді: https://yandex.com/legal/id_privacy_policy/en/) сәйкес мобильді байланыс операторы орналасқан елге байланысты бұл құралды түрлі компаниялар қамтамасыз етеді. Бұл компанияларды дербес деректеріңізді қалай өңдейтінін білу үшін Яндекс ID сервисінің құпиялылығы туралы мәлімдемені (мына веб-сайтта қолжетімді: https://yandex.com/legal/id_privacy_policy/kk/) қараңыз.
3. Қандай дербес деректер, қалай және неге өңделеді?
3.1 Біз өңдейтін дербес деректердің санаттары, өңдеу мақсаттары және өңдеудің заңды негіздері төмендегі кестеде берілген.
|
Деректердің санаттары |
Мақсаттар |
Заңды негіздер |
|
Аты Телефон нөмірі Ұлттық жеке куәлік деректері Жүргізуші куәлігінің деректері Тұрғылықты елі Тұрғылықты қаласы Азаматтығы Электрондық пошта мекенжайы Туған күні |
Аккаунтыңызды тіркеу үшін Сізді пайдаланушы ретінде анықтау және авторизациялау үшін Тіркелу кезінде сізге хабарласу үшін Алаяқтыққа немесе дербес деректерді ұрлауға жол бермеу үшін |
Келісімшарт Заңды міндеттеме Алаяқтық немесе дербес деректерді ұрлаудың алдын алуға қатысты заңды мүдде |
|
Аты Телефон нөмірі Фотосуреті Жүргізуші өтілі Автокөлік моделі Мемлекеттік нөмір белгісі |
Клиенттерге жүргізушінің фотосуреті мен деректерін, сондай-ақ автокөлік туралы ақпаратты ұсыну үшін |
Келісімшарт |
|
Рефералдық код |
Сізді рефералдық бағдарлама аясында анықтау үшін |
Келісімшарт |
|
Аты Телефон нөмірі Электрондық пошта мекенжайы Ұлттық жеке куәлік деректері Туған күні Туған жері Азаматтығы Жүргізуші куәлігінің деректері Парақша фотосуреті Такси қызметімен айналысуға арналған лицензия Жүргізуші куәлігі немесе жеке куәлігіңіздің скан-көшірмесі Жүргізуші куәлігі немесе жеке куәлігіңізді қолға ұстап түскен селфи Автокөлік жүргізу құқығына қатысты шектеулер Жүргізушілерді міндетті түрде сақтандыру туралы мәліметтер Көлік құралының тіркеу нөмірі |
Дербес деректеріңізді тексеру үшін Сіздің автокөлік жүргізуге және тасымалдау немесе курьерлік қызметтер көрсету құқықтарыңыз бар екенін тексеру үшін Сіздің тапсырыстарды тасымалдай немесе тапсырыс жасалған тамақты әзірлей алатыныңызды тексеру үшін |
Келісімшарт Алаяқтық немесе дербес деректерді ұрлаудың алдын алуға қатысты заңды мүдде |
|
Аты Туған күні Туған жері Азаматтығы Төлем сомалары Әлеуметтік сақтандыру нөмірі Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі |
Сіздің табысыңыз туралы тиісті органға хабарлау үшін |
Заңды міндеттеме |
|
Әкімшілік құқықбұзушылықтар мен қылмыстық жазалар |
Қоғамдық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін |
Келісім Заңды міндеттеме Қоғамдық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге заңды мүдде Қоғамдық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты қоғамдық мүдде |
|
Селфи |
Жүргізушіні тапсырыстарға қолжетімділік берер алдында тексеру үшін |
Келісімшарт Келісім |
|
Алаяқтыққа немесе дербес деректерді ұрлауға жол бермеу үшін |
Алаяқтық немесе дербес деректерді ұрлаудың алдын алуға қатысты заңды мүдде |
|
|
Несиелік немесе дебеттік карта туралы мәліметтер Банк шотының деректері Электрондық әмиян туралы мәліметтер Мобильді банк аккаунты туралы мәліметтер |
Сыйақыны төлеу үшін |
Келісімшарт |
|
Парақша суреті |
Пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін Аккаунт иесі мен жүргізуші бір адам екеніне көз жеткізу үшін Пайдаланушыға өз жеке басыңызды растау үшін |
Өз пайдаланушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңды мүдде Қоғамдық қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты қоғамдық мүдде |
|
Дауыс жазбасы |
Инцидент орын алған кезде сіз бен пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін |
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты заңды мүдде |
|
Оқиғаның мән-жайын тезірек анықтау және құқық қорғау органдары мен сот үрдісіне қажет дәлелдерді ұсыну үшін |
Қоғамдық мүдде |
|
|
Қолдау көрсету және даулар мен шағымдарды шешу үшін |
Келісімшарт |
|
|
Өзіміздің қолдау қызметіміздің сапасына бақылау жүргізу үшін |
Сервистеріміздің сапасын бақылауға қатысты заңды мүдде |
|
|
Электрондық пошта мекенжайы Телефон нөмірі |
Сізге тапсырыстар туралы сервистік ақпаратты жіберіп отыру үшін Қолдау қызметіне жіберілген сауалдарды алу және өңдеу үшін |
Келісімшарт |
|
Өзіміздің және серіктестеріміздің өнімдері мен ұсыныстары туралы сізге хабарлап отыру үшін |
Келісім |
|
|
Формаларға енгізілетін деректер: аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, пайдаланушының берген кері байланысы, хабарлама, рейтинг немесе пікірлер |
Кері байланыс алу үшін Біздің қызметтерімізді жақсарту үшін |
Кері байланыс алуға және осы кері байланыс негізінде сервисімізді жақсартуға қатысты заңды мүдде |
|
IP мекенжайы Құрылғының ID Құрылғының типі және моделі Мобильді құрылғының операциялық жүйесі Браузер немесе мобильді қосымша туралы мәліметтер |
Сіздің аккаунтыңыз бен біздің IT жүйелерге қауіпсіз түрде кіруді қамтамасыз ету үшін |
Біздің жүйелер мен біздің пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңды мүдде |
|
Алаяқтықтың алдын алу үшін |
Алаяқтықтың алдын алуға қатысты заңды мүдде |
|
|
Жүргізу мәнері, оның ішінде, жылдамдық, жылдамдықты үдету және тежеліс |
Сіздің жүргізу мәнеріңізді қадағалап отыру үшін Жылдамдық режимінің сақталуын қадағалап отыру үшін Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін |
Келісімшарт Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқыс оқиғалардың алдын алуға қатысты заңды мүдде Қоғамдық мүдде |
|
Геолокациялық деректер |
Сіздің аймақта рәсімделген тапсырыстарды тексеріп отыру үшін Сізге тапсырыс тағайындау үшін Сіздің тұрған жеріңізді пайдаланушыға көрсету үшін |
Келісімшарт |
|
Жарнамалық сәйкестендіргіш |
Нысаналы жарнаманы баптау үшін |
Келісім |
|
Яндекс пайдаланушысының ID Тапсырыстардың жиілігі Тапсырысты орындауға кеткен уақыт Мобильді қосымшаларды пайдаланған кезде қаралған экрандар |
Өзіміздің мобильді қосымшаларымыз, олардың интерфейстері мен пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін Тиісті мүмкіндіктерді ұсыну үшін |
Өзіміздің мобильді қосымшалар мен сервистерімізді жақсартуға қатысты заңды мүдде |
|
Маркетингтік мақсатта пайдаланушының іс-әрекеттерін талдау үшін Маркетингтік және бизнес-стратегиямызды жақсарту үшін |
Маркетингтік зерттеулер жүргізуге қатысты заңды мүдде |
|
|
Аты Телефон нөмірі Электрондық пошта Тапсырыстардың жиілігі Тапсырыстар саны |
Сізді маркетингтік сайыстарға немесе басқа іс-шараларға қатысуға шақыру үшін |
Келісім |
|
Тапсырыс туралы мәліметтер және тапсырыстар тарихы Төлем деректері Байланыс мәліметтері Әлеуметтік желідегі аккаунт Пікірлер, тіркемелер, сіз көрсеткен немесе пайдаланушыларға қолдау көрсету командасы сұраған басқа да мәліметтер |
Қолдау көрсету үшін |
Келісімшарт |
|
Әңгімелердің жазбалары Мобильді қосымшалардың ішінде немесе басқа құралдардың көмегімен тілдесу Сіз көрсеткен басқа деректер |
Біздің заңды құқықтарымызды және үшінші тараптардың құқықтарын қорғау үшін Даулар мен сот талаптарын шешу үшін Көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау үшін |
Біздің құқықтарымызды қорғау, дауларды шешу және біздің қызметтердің сапасын бақылауға қатысты заңды мүдде |
3.2 Аккаунтты тіркеу үшін мына дербес деректер міндетті түрде қажет: сіздің атыңыз немесе лақап атыңыз, телефон нөмірі. Бұл ақпаратты ұсынбастан есептік жазбаны тіркеу мүмкін емес.
Аккаунтты пайдалану үшін сізге міндетті түрде мына дербес деректерді ұсыну керек: жүргізуші куәлігінің деректері, жеке куәлік деректері және такси қызметімен айналысу лицензиясының деректері. Егер осы ақпаратты ұсынбасаңыз, тапсырыстар қабылдай алмайсыз.
3.3 Дербес деректеріңізді өңдеуге келісім беруден бас тартуыңызға болады. Бұл біздің мобильді қосымшаларымызды пайдалану мүмкіндігіңізге әсер етпейді. Келісіміңізді кез келген уақытта бізге хабарласу арқылы немесе мобильді қосымшада және/немесе сіз тұратын елде қолжетімді болған жағдайда автоматтандырылған құралдардың көмегімен қайтара аласыз.
3.4 Автокөліктегі аудио- және видеожазба төтенше жағдай функциясы болып табылады. Ол тек қатты қатер төнгенде, жанжал немесе қауіпті жағдай туындаған кезде жүргізуші Яндекс Про-ны Пайдалану шарттарына сәйкес «Жанжал» батырмасын іске қосқан кезде қолданылатын болады. Дауларды шешу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушы мен жүргізуші жазба басталардың алдында хабарлама алады.
4. Дербес деректер қалай қорғалады?
4.1 Дербес деректеріңізді рұқсатсыз, абайсызда немесе заңсыз түрде жоюдан, жоғалтудан, өзгертуден, теріс пайдаланудан, жариялаудан немесе қатынасудан, сондай-ақ кез келген басқа заңсыз өңдеуден қорғау үшін біз тиісті техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдаған болатынбыз.
4.2 Аталған қауіпсіздік шаралары техникалық даму деңгейін, жүзеге асыру құнын, өңдеуге байланысты қауіп-қатерлерді және тиісті дербес деректердің сипатын ескере отырып жүзеге асырылды.
4.3 Көп жағдайда дербес деректер біздің қызметкерлеріміздің қатысуынсыз автоматты түрде өңделеді. Алайда олардың қатысуы қажет болса, сіздің дербес деректеріңізді қызметтік міндеті бойынша мұндай ақпаратты пайдалану талап етілетін қызметкерлер ғана пайдалана алады. Мұндай қызметкерлер дербес деректерді өңдеуге қатысты ішкі ережелер мен протоколдарды сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді қорғау үшін техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шараларын орындауға міндетті.
5. Сіздің дербес деректеріңіз кімге беріледі?
5.1 Сіздің дербес деректеріңіз мобильді қосымшада сервистерді көрсетуге тікелей қатысатын тараптарға беріледі:
- Сізден тапсырыс алуға және оны өңдеуге қатысатын, сондай-ақ сол үшін бағдарламалық жасақтама ұсынатын серіктестер;
- Төлем қызметтерін, электрондық төлем функционалын, электрондық әмиян мен мобильді төлем қызметтерін ұсынатын серіктестер;
- Сіз мобильді қосымшаны қолданып жүрген елде қолжетімді болса, біздің пайдаланушыларымыз үшін виртуалды банк карталарын шығаратын серіктестер;
- Сіз мобильді қосымшаны қолданып жүрген елде қолжетімді болса, несие беретін микроқаржылық ұйымдар;
- Ақшаның ізін жасыруға қарсы күресетін және сіздің пайдаланушыларыңызды тексеретін серіктестер;
- Аутентификация құралдарын ұсынатын серіктестер;
- Бізге серверлер, деректер қоймасы және басқа инфрақұрылымдық нысандарды ұсынатын серіктестер мен үшінші тұлғалар;
- Бізге пайдаланушыларға қолдау көрсетуге көмектесетін серіктестер мен үшінші тұлғалар; және
- Сақтандыру компаниялары.
Дербес деректерді өңдеуге қатысы болуы мүмкін ұйымдар мына бетте көрсетілген: https://yandexgo.com/legal/list_of_le_data_processing. Көрсетілген ұйымдардың кейбірі сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге бәрі бірдей міндетті түрде қатыспайды, себебі олардың қатысуы сіз пайдаланатын сервис пен сіз оны пайдаланатын елге байланысты.
5.2 Сіздің дербес деректеріңіз тиісті деректер бақылаушысы бағынатын заңнамаға сәйкес оларды алуға құқылы тараптарға беріледі:
- Мысалы, егер құқық қорғау органдарының дербес деректеріңізге қол жеткізуге заңды құқығы бар болса немесе қаржылық регуляторлардың күдікті іс-әрекеттерді немесе транзакцияларды зерттеу үшін заңды құзыреттері бар болса (сіз тұрған елде және/немесе сізге қызмет көрсететін ұйым тіркелген елде қолданылатын заңға сәйкес).
5.3 Сіздің дербес деректеріңіз біздің мобильді қосымшаларды жақсартуға көмектесетін тараптарға беріледі:
- Мысалы, біздің сервистерді пайдалану кезінде туындайтын техникалық қателер туралы деректер біздің мобильді қосымшаларды жасақтауға қатысатын үлестес тұлғаларға жіберіледі.
5.4 Сіздің дербес деректеріңіз сізге өнімдер, сервистер мен ұсыныстар туралы хабарлауға көмектесетін тараптарға беріледі:
- Мысалы, жарнамалық деректер немесе құрылғылардың сәйкестендіргіштері бізге жарнамалық немесе талдау қызметтерін көрсететін компанияларға беріледі.
6. Сіздің дербес деректеріңіз кімге тасымалданады?
Біз сіздің дербес деректеріңізді жіберетін тұлғалар әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Олардың кейбірі сіз сервисті пайдаланып жүрген елдегі дерек субъектілерінің құқықтарын немесе деректерін қорғаудың дәл сондай деңгейін қамтамасыз етпеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, біз жіберу кезінде және жібергеннен кейін сіздің құқықтарыңызды сақтау және сіздің дербес деректеріңізді қорғау үшін қажетті процедураларды орындаймыз.
Мұндай процедуралар мыналарды қамтуы мүмкін (құпиялылық туралы қолданыстағы заңдарға сәйкес):
- Тиісті органдардың қабылдаған стандартты келісімшарт тармақтарына сәйкес деректерді тасымалдау кезінде деректерді қорғау міндеттемелері;
- Сіздің дербес деректеріңіз берілетін және өңделетін елдің жергілікті заңнамасына біздің берген бағамызға негізделген қосымша келісімді міндеттемелер;
- Деректерді қорғау жөніндегі құзіретті органнан деректерді жіберуге рұқсат немесе тіркелім; және/немесе
- Сіздің дербес деректеріңізді заңсыз, яғни, біз қызмет көрсететін елдің заңнамасына сәйкес емес түрде, немесе рұқсатсыз түрде пайдалануға жол бермеу үшін қосымша техникалық және ұйымдастырушылық қауіпсіздік шаралары.
Дербес деректеріңіз тасымалданатын елдер және онда қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат алу үшін бізге хабарласуыңызға болады.
7. Дербес деректер қанша уақыт сақталады?
7.1 Біз сіздің дербес деректеріңізді өңдеу мақсатына қол жеткізгенге дейін өңдейміз.
7.2 Нақты сақтау мерзімі өңделетін дербес деректер мен өңдеу жүргізілетін елге байланысты. Өз еліңізде қолданылатын Деректерді сақтау және өшіру саясатын (мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://yandex.com/legal/yandex_go_retention_policy/en/) немесе сіздің аймақ үшін тиісті сақтау мерзімдері көрсетілген кестені қарап шығыңыз.
7.3 Егер өңдеу заң бойынша талап етілсе немесе біздің құқықтарымыз бен мүдделерімізді немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, атап айтқанда, сот үрдістері кезінде қорғау үшін қажет болса, біз сіздің дербес деректеріңізді сіз оларды мобильді қосымшадан өшіріп тастағаннан кейін де өңдеуді жалғастыра береміз.
Деректерді өшіру мүмкіндігі пікір білдіру мен ақпарат еркіндігіне қатысты заңдармен де шектелуі мүмкін.
8. Сіздің құқықтарыңыз қандай?
Құпиялылық туралы заңдарға сәйкес, сізде бірқатар құқықтар бар. Сізге тиесілі құқықтар дербес деректерді өңдеу мақсатына және қолданыстағы заңнамаға тәуелді.
Сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді мобильді қосымшаға біздің аутентификация жасау құралымыздың көмегімен кіргеннен кейін қарай, түзете немесе өшіре аласыз.
Сіз біздің мобильді қосымша арқылы біздің қолдау көрсету қызметімізге хабарласу арқылы мына құқықтарыңызды пайдалана аласыз:
8.1 Қолжетімділік құқықтары
Сіздің дербес деректеріңіз сізге әрдайым қолжетімді. Сіз өзіңіздің дербес ақпаратыңыздың көшірмесін сұрата аласыз.
8.2 Түзету құқығы
Сіз бізден дұрыс емес, дәл емес немесе ескірген деп есептеген ақпаратты жаңартуды немесе түзетуді сұрай аласыз. Сондай-ақ, сізде бізден өзіңіз толық емес деп есептеген кез келген ақпаратты толықтыруды сұрау құқығы бар.
8.3 Келісімнен бас тарту құқығы
Егер өңдеу сіздің келісіміңізге негізделген болса, сізде өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуге берген келісіміңізден бас тарту құқығы бар.
8.4 Өшіру құқығы
Сізде бізден белгілі бір жағдайлар кезінде, мысалы, егер деректер біздің мақсаттар үшін ендігі керек болмаса, егер біз сіздің деректеріңізді заңды негіздерсіз немесе өзгеше заңсыз түрде өңдеп жатсақ, егер сіз өз келісіміңізден бас тартқан болсаңыз (өңдеу сіздің келісіміңізге негізделген кезде), егер біз сіздің деректеріңізді сіздің балалық шағыңызда жинаған болсақ, немесе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа жағдайларда өзіңіздің дербес деректеріңізді өшіруді сұрау құқығыңыз бар.
8.5 Өңдеуді шектеу құқығы
Сізде белгілі бір жағдайларда өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеуді шектеу құқығы бар. Мысалы, егер сіз өзіңіздің түзету құқығыңызды қолданғыңыз келсе, сіз бізден өз деректеріңіз түзетілгенге дейін өңдеуді шектеуді талап ете аласыз.
8.6 Деректерді көшіру құқығы
Егер сіздің дербес деректеріңіз автоматтандырылған құралдармен сіз берген келісім немесе сізбен жасалған келісімшарт (мысалы, сізге мобильді қосымша функцияларын ұсыну үшін) негізінде өңделетін болса, сізде өз деректеріңізді құрылымды, кеңінен қолданылатын және басып шығаруға болатын форматта алу құқығы бар.
8.7 Қарсылық білдіру құқығы
Егер өңдеу сіздің құқықтарыңызды бұзатын болса, сіз өз деректеріңізді мұндай өңдеуге қарсылық білдіре аласыз. Сіздің қарсылық білдіру құқығыңыз біз сіздің деректеріңізді заңды немесе қоғамдық мүдделер негізінде өңдеп жатсақ қана жүзеге асырылуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.
Сіз тек автоматтандырылған өңдеуге, оның ішінде бір ретке келтіріп өңдеуге негізделген шешімді ғана қабылдаудан бас тарта аласыз.
8.8 Шағымдану құқығы
Біз сіздің шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңызды әрдайым қарастыруға дайынбыз. Сіз оларды біздің қолдау көрсету қызметімізге жібере аласыз.
Егер құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, тұрақты тұратын еліңіздегі, жұмыс орныңыздағы немесе құқық бұзушылық орын алған жердегі қадағалаушы органға шағым беруге құқығыңыз бар.
Тиісті қадағалаушы органдардың тізімі мен олардың байланыс деректері мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://yandex.com/legal/yandexgo_list_of_sa/.
9. Бізге қалай хабарласуға болады?
9.1 Егер көмек қажет болса, жүйеге кіргеннен кейін мобильді қосымша арқылы клиенттерге қолдау қызметіне хабарласуыңызға болады.
9.2 Біздің дербес деректерді қорғау жөніндегі маманымызға (ДДМ) мына электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: data_privacy@yandex-team.com.
9.3 Сізді жылдам анықтау және сұрауыңызды тиімді түрде өңдеу үшін мобильді қосымшада тіркелген кезде пайдаланылған телефон нөмірін көрсетіңіз.
10. Бұл құжатқа өзгертулер қалай енгізіледі?
Осы Құпиялылық туралы мәлімдемеге елеулі өзгертулер енгізген жағдайда, біз сізге хабарлау үшін кез келген қолжетімді құралдарды пайдалана аламыз (мобильді қосымшадағы пуш-хабарлама, SMS немесе электрондық пошта).
Жарияланған күні: 07.11.2025
Құжаттың алдыңғы нұсқасы: https://yandexgo.com/legal/yandexpro_privacy_notice/kk/29092025/
Құжаттың алдыңғы нұсқасы: https://yandexgo.com/legal/yandexpro_privacy_notice/kk/25062025/
Құжаттың алдыңғы нұсқасы: https://yandexgo.com/legal/yandexpro_privacy_notice/kk/24042025/